«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалында «Ашық есік күні»
Бүгін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қостанай облыстық филиалында әлеуметтік қорғау жүйесінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін күшейтуге қызмет ететін, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы мемлекеттік органдардың және әлеуметтік-еңбек саласындағы ұйымдардың өкілдерімен «Ашық есік күні» өтті.
Кездесуге барлығы шамамен 70 адам қатысты.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізу бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары А.Сатаева сөз сөйледі.
