Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестаттаудың қорытындылары бойынша брифинг
2017 жылғы 14 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы Б.Исақовтың қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында департамент басшысы Б.Исақов Батыс Қазақстан облысы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттауды қорытындылау бойынша ақпарат берді.
Аттестаттаудың алдын ала қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша 3157 мемлекеттік әкімшілік қызмеші аттестаттаудан өтуге жатады, 1028 қызметші аттестаттаудан босатылған.
Тестілеу қорытындысы бойынша тестілеуден өткен 3142 қызметшінің, келесідей нәтиже: жоғары 856 (27,4%) адам, тиімді 2188 (69,5%) адам, қанағаттанарлық 95 (3%) адам, төмен 3 (0,1%) адам.
Аттестаттау комиссияларының шешіміне сәйкес 221 қызметші жоғарылатуға ұсынылды, 2816 қызметші атқарып отырған лауазымына сай, 29 қызметші төмендетуге және 1 қызметші жұмыстан шығарылуға ұсынылды. Аттестаттау 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізіледі.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.
