Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендерге мемлекеттік қызметтің теориялық негіздері

Ағымдағы жылдың 15 мамырда Департаменттің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен СҚО бойынша Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында қайта даярлаудан өтетін тыңдаушылары үшін «Мемлекеттік қызметтің  теориялық негіздері» тақырыбы бойынша дәріс берілді.

Дәріс барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыруға негізі болып табылатын нормативтік құқықтық  және заңға тәуелді актілер, сондай-ақ «ҚР мемлекеттік қызмет  туралы»  ҚР Заңы, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу, сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру,  тағылымдамадан өту, ротация жүргізу қағидаларының соңғы енгізілген өзгерістері мен толықтырулары түсіндірілді.

Одан басқа тыңдаушылар мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларымен таңыстырылды.

Барлық қызықтырған  сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 
0
0
506

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендерге мемлекеттік қызметтің теориялық негіздері - Yvision.kz