Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау

А.ж. 29 маусымда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жөніндегі тоқсан сайынғы есептерді ұсыну мәселесі бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Тоқсан сайынғы есептердің сапасы бойынша Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Б.Қ. Еңсегенов баяндады, есептің нысандарын толтыру туралы  бас маман Г.Ә. Жусалина ақпараттандырды.

Кездесу барысында ішкі мемлекеттік бақылау бойынша есеп нысандарын сапалы толтыру мәселелері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар қабылданды.

 
0
0
478

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау - Yvision.kz