Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуды үйрету бойынша информатика пәні мұғалімдерінің алғашқы оқуы өтті

А.ж. 31 қазанда СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті мен Қызылжар ауданы «Парасат» мектеп-лицейінде «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуды үйрету бойынша информатика пәні мұғалімдерінің алғашқы оқуы өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО әкімдігінің білім басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арасында жасалған өзара іс-әрекеттесу және ынтымақтастық жөніндегі Меморандум шеңберінде оқытудан облыстың білім беру ұйымдарының 513 мұғалімі өтеді.

Оқытудан кейін информатика пәнінің мұғалімдері мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушыларын электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды үйретеді.

Ұстаздар оқу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін іс-әрекеттер алгоритмімен және бір реттік парольды қолданумен ЭЦҚ-сыз электронды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен танысты.

Мұғалімдердің айтуынша, оқытулар электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының дамуына зор үлес қосады.

 
0
0
766

Осы тақырып бойынша