Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру саласындағы 2021 жылғы1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін 2015 жылдан бастап Департаментке жүктелген.

Мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департаментпен мемлекеттік басқару, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсету салаларындағы объектілерде бұзушылықтарды анықтау бойынша 56 бақылау іс-шарасы өткізілді. Бұл ретте профилактикалық бақылау шеңберінде 29 тексеру, ал берілген нұсқаманы орындау шеңберінде азаматтардың өтініштері бойынша, сондай - ақ облыс прокуратурасының талап етуі бойынша жүргізілген жоспардан тыс 27 тексеру бастамашылық етілді.

Тексеру нәтижесінде 496-ға жуық бұзушылық анықталды, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34нұсқама берілді, оның ішінде 6бойынша жалпы сомасы 1,0 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ерекше қажеттіліктері бар 1500-ге жуық адамның құқықтары қалпына келтірілді.

***

Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области осуществляет государственный контроль по соблюдению требований Законов Республики Казахстан «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», «О специальных социальных услугах». Данная функция возложена на Департамент с 2015 года после внесения изменений и дополнений в Кодекс об административных правонарушениях Республики Казахстан.

Государственный контроль осуществляется в форме профилактического контроля и внеплановых проверок с посещением субъектов (объектов) контроля согласно Предпринимательского Кодекса РК.

Так, по итогам 1 полугодия 2021 года Департаментом проведено 56 контрольных мероприятий по выявлению нарушений на объектах в сферах государственного управления, социальной защиты, здравоохранения, спорта, услуг и транспортного обслуживания. При этом 29 проверок инициированы в рамках профилактического контроля, а 27 - внеплановые, проведенные в рамках исполнения выданного предписания, по обращениям граждан, а также по требованию прокуратуры области.

В результате проверок выявлено порядка 496 нарушений, выдано 34 предписаний об устранении выявленных нарушений в сфере социальной защиты лиц с инвалидностью и оказания специальных социальных услуг, из которых по 6 наложены административные штрафы на общую сумму порядка 1,0 млн тенге.

В результате проведенной работы восстановлены права порядка 1500 лиц с особыми потребностями.

0
0
443

Осы тақырып бойынша