Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары А.А. Тоқмағанбет және А.А. Баяковпен Денисов ауданы мен Б. Майлин ауданына халықтың қауқары аз топтары үшін объектілердің қолжетімділікпен қамтамасыз етілуін сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексерулер жүргізу мақсатында шығу жүзеге асырылды.
Осы шығудың мақсаты «Денисов тарихи-өлкетану мұражайы» КММ-не, «Б. Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-не бұрын берілген нұсқамаларды орындау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу, сондай-ақ «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-не профилактикалық бақылау жүргізу болды.
Бұрын берілген нұсқамалар бойынша тексеру жүргізу барысында мемлекеттік ұйымдар мүгедектігі бар адамдарға объектілерге қол жеткізу бойынша анықталған барлық бұзушылықтарды жойғаны анықталды.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-не профилактикалық бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықталды, басшылыққа жою мерзімдері бар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.
Барлық берілген нұсқамалар Департаменттің тұрақты бақылауында.


-----------------------------------------------------------------
Специалистами отдела по контролю в сфере социальной защиты населения Департамента Токмаганбет А.А и Баяковым А.А осуществлен выезд в Денисовский район и район им.Б.Майлина с целью проведения внеплановых проверок на предмет соблюдения обеспеченности объектов доступом для МГН.
Целью данного выезда послужило проведение внеплановых проверок по исполнению ранее выданных предписаний в КГУ "Денисовский историко-краеведческий музей", КГУ "Центр обучения языкам акимата района им.Б.Майлина", а также проведение профилактического контроля в ГУ "Аппарат акима поселка Тобол".
В ходе проведения проверок по ранее выданным предписаниям установлено, что государственными организациями были устранены все выявленные нарушения по доступу к объектам для лиц с инвалидностью.
В результате профилактического контроля в ГУ "Аппарат акима поселка Тобол" выявлены нарушения, руководству внесено предписание об устранении выявленных нарушений со сроками устранения.
Все выданные предписания находятся на постоянном контроле у Департамента.
