Мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру қажет
Ағымдағы жылдың 20 сәуірде облыс әкімдігінде видео байланыс арқылы Орал қалалық және аудандар әкімі аппараттарының басшылары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, «НИТ» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» өкілдерінің қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде ауылдық жерлерде кеңес беретін ауылдық округ әкімдіктері мамандарын халыққа қызмет көрсету орталықтары тарапынан оқыту, тоқсан сайынғы ішкі бақылау есептік деректерінің талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылдың 1 тоқсандағы қызметі туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті, және де «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» өкілдері сөз сойледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді арттыру бойынша басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан әкімдері аппаратының басшылары тыңдалды.
