Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді цифрализациялау мәселелері тікелей эфирде талқыланды

2017 жылдың 8 қарашада «Ақжайық» телеарнасының «Время вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфирінде мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді цифрализациялау мәселелері талқыланды.

Бағдарлама қонақтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.С.Ибрашев, Орал қалалық ХҚКО-ның №1 бөлімінің басшысы Л.Х.Кусаиновалар болды.

Өз сөзінде Б.С.Ибрашев Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді толықтай автоматтандыру қажеттігін айтқандығын атап өтті. Қазіргі таңда Департаментпен мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есептерді талдау жұріп жатыр. Жалпы айтқанда, елімізде жыл сайын қызмет алушылардың мемлекеттен көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттануы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіледі. 2016 жылы облысымызда қанағаттану деңгейі 82%-ды құрап отыр. Бұның өзі мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде, Л.Х.Кусаинова мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері мемлекеттен қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік мекемелермен бірлесе қызмет алушылар үшін қызметтерді электронды формада немесе ХҚКО-ы арқылы алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілетіндігін айтты.

Тікелей эфир кезінде телекөрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

 
0
0
680

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді цифрализациялау мәселелері тікелей эфирде талқыланды - Yvision.kz