Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекет басшысының Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сәтті орындалуының кепілі

2017 жылдың 28 ақпанда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты -  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты – бесінші басымдығын талқылау,

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин, ЖОО ректорлары, проректорлары, оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында М.С.Нұртазин «Мемлекет басшысының Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сәтті орындалуының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

 
0
0
425

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысының Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сәтті орындалуының кепілі - Yvision.kz