Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі...
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасына қатысты жұмыс жүргізуде. Бұл құжат Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) қосымша келісім болып табылады. Конвенцияға сәйкес, оны ратификациялаған мемлекеттер мүгедектігі бар адамдардың жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау үшін барлық шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауы тиіс. Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/232912...
***
По поручению Главы государства Министерство труда и социальной защиты населения РК ведет работу над законопроектом «О ратификации Факультативного протокола к Конвенции о правах инвалидов», который направлен на ликвидацию дискриминации по отношению к лицам с инвалидностью. Данный документ является дополнительным соглашением к Конвенции ООН о правах инвалидов, которую Казахстан ратифицировал 20 февраля 2015 года. Согласно Конвенции, ратифицировавшие ее государства должны принимать все меры, в том числе законодательные, для обеспечения достаточного жизненного уровня людей с инвалидностью и их социальной защиты. В настоящее время законопроект проходит процедуру согласования в государственных органах. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/232912...
