Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Волонтер жылының табысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жыл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем тарихында аса күрделі кезеңдердің бірі болғанына қарамастан, «қайырымды істер» жалпы ұлттық идеясы он мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылығы мен жанашырлығының арқасында өмір шындығына айналды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Маңғыстау облысынаң

Садуақасов Айсағалиді «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапаттап, өңір басшысы оған арнайы сыйлықты табыстады.

Еліміздің елордасында бастау алған шара Маңғыстау облысындағы волонтерлік және қайырымдылық топ мүшелерін, волонтерлерді ынталандыру мақсатындағы өңір волонтерлеріне арналған «Маңғыстау волонтерлері, birgemiz!» атты салтанатты шарамен жалғасты.

Өңір басшысы С.Трұмовтың қатысуымен өткен жиында өңір волонтерлерінің қызметі мен жетістіктері баяндалды.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жануарларды қорғау, экология, төтенше жағдай, құқық қорғау саласындағы волонтерлікті дамытуға үлес қосқан өңір волонтерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Олардың ішінде:

Медицина мамандары мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеткені үшін «Біз адамбыз, біз біргеміз» қоғамдық қорының жетекшісі Досмұхамбетов Иманғазы Ибатұлы марапатталды.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз еткені үшін «Клуб добряков» тобының жетекшісі Бейсембаева Сабина Сәкенқызы марапатталды.

Провизорлық станционардағы еріктілік қызметі үшін медиа-волонтер, блогер Бисенбай Айтгүл Жұмағалиқызы марапатталды.

Ауыл-аймақтағы медициналық орталықтар мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін «Халыққа көмек» штабаның мүшесі Абдиев Қанат Рахимұлы марапатталды.

Жаңаөзен қаласындағы провизорлық станционардағы еріктілік қызметі үшін «Жаңаөзен қайырымды жандары» тобының мүшесі Сұңғатов Берік Мұхадесұлы марапатталды.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін өндіріс маманы, волонтер Сейдов Орынбасар Асамбайұлы марапатталды.

Ақтау қаласындағы провизорлық станционардағы волонтерлердің қызметін үйлестіруге қосқан үлесі үшін Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының директоры Сағынтаев Дәулет Ерланұлы марапатталды.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» жобасын жүзеге асуына қосқан үлесі үшін «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Мағдатов Наурызбек Серікұлы марапатталды.

Жиын барысында өңірдегі волонтерлік қызметтің дамуына үлес қосып, игі істе азаматардың басын біріктірген волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдары арнайы марапатқа ие болды.

Сонымен қатар, қауіпті індетпен күресте алдыңғы шептен көрінген, ерекше көзге түскен волонтерлер «Volunteer Corps Awards» премиясының «Жыл белсендісі» атанды.

2
0
259

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсімі өтті - Yvision.kz