Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
мектеп 1969 жылы салынғандықтан, жарты ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Қайнарбеков, "Nur Otan" партиясы Сарқан аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Аслан Абдрахмановпен бірге нысанды көріп, жөндеуден өткен кабинеттер мен залдарды қарап шықты. Қазіргі таңда жұмыстар 95-97%-ға аяқталған. Енді сырлау, сыртқы әрлеу және абаттандыру бойынша жұмыстар қалды. Жөндеуден кейін мектеп өңірдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болмақ. Жаңартылған кабинеттер, спортзал, стадион және ойын алаңы көз жауын алатын болады.
