Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мектептердегі тамақтану сапасы «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсенің бақылауында

2019 жылдың 26 ақпанда "Ақжайық - Адалдық аланы" жобаллық кеңсесінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында "Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде" мектептердегі тамақтандыру сапасы бойынша инспекциялау жүргізілді.

Инспекциялауды "Ақжайық - Адалдық аланы" жобалық кеңсесінің басшысы А. Салиева, жобалық кеңсесінің қызметкерлері және Орал қалалық мәслихатының депутаты Л. Тұрсынова жүргізді.

Жобалық кеңсеге жұртшылықтан , азаматтардан Орал қаласының мектептерінде тамақтану бойынша мониторинг жүргізу туралы, атап айтқанда қаланың оқу орындарында мектептегі тамақтану сапасының нашарлауы туралы сұраныс келіп түсті. Жоба шеңберінде Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектептік тамақтануды қамтамасыз ету бойынша мектептердегі тамақтанудың сапасын тексеру, сондай-ақ конкурсты өткізу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторинг жүргізілді.

Тексеру барысында НЗМ әкімшілігінің кезекшілік графигінің бар-жоғын көзбен шолып тексеру жүргізілді, оқушылардың тамақтану тәртібін тексерілді, ауыз су режимінің сақталуын, қол жууға арналған жағдайлардың, бекітілген ас мәзірінің бар-жоғын, сонымен қатар мектептегі тамақтану рационының бірыңғай стандарттарға сәйкестігін тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп директорына келесі ұсыныстар берілді: үнемі ғаламторда ас мәзірін жариялау, ас блоктарына камералар орнату, бракеражды комиссияларға танымал журналистер мен блогерлерді енгізу.

Осындай инспекциялауды тұрақты түрде облыстың барлық мектептерінде жүргізу жоспарлануда, ол жиі және үнемі кенеттен болады.

0
0
498

Осы тақырып бойынша