Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мектептерде мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп құттықтаулар посты жариялануда

Бүгін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1983-1992 жылдардағы мүмкіндігі шектеулі жандардың онжылдығының аяқталуына орай 3-желтоқсанды мүмкіндігі шектеулі жандардың күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасымен айқындалады. Өмірде сау бала мен сал баланы бөліп жаруға болмайды. Олардың барлығына бірдей көзқарас танытуымыз қажет. Атаулы күні - тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар болып табылады.

0
0
256

Осы тақырып бойынша

Мектептерде мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп құттықтаулар посты жариялануда - Yvision.kz