Мектепте ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті
«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Jas Otan» ЖҚ және Жібек жолы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Уразымбетов Айдостың ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті. Сайысқа орта буын "Кемел жас" ұйымынан "Бүркіт" және "Сұңқар" командалары мен жас буын "Самұрық" ұйымынан "Жалынды ЖасStar" мен "Жүйріктер" командасы қатысты.
Аталған шарада 1-ші және 2-ші орынды "Самұрық" ұйымының командалары иеленсе, 3-ші орынды және «Белсенді команда» номинациясын "Кемел жас" буыннан құралған командалар ие болды.
Сайыстың мақсаты-мұғалімдердің қарбалас тіршілігін бір сәтке ұмыттырып, көтеріңкі көңіл-күй мен энергия сыйлау және орта буын мен жас буын мұғалімдері арасындағы ынтымақтастық, әріптестік, достық қарым-қатынастарды жандандыру.
#JasOtan
#JasOtanҚарасайауданы
