«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында биыл «Баланы мектепке даярлайық!» атты ұранмен жалғасуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетіп, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу және жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
«Баланы мектепке даярлайық!» акция аясында "AMANAT" партиясы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, мектеп сумкасы мен оқу құралдарын табыс етті.
#МектепкеЖол
#БалаларЖылы
