"Мектепке жол" акциясын аудандық мәслихат депутаты қолдады.
Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталған болатын. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Осы акцияны қолдаған аудандық мәслихат депутаты Д.Закарин мәрттігін танытып мектеп киімін, керекті оқу құралдарын сумкасымен түгел қамтып өз көмегін көрсетті және басқада аудандық мәслихат депуттарына осы акцияны қолға алып демеушілік жасауларын ұсынды.
