Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.

«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлының бастамасымен

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық акциясына аудандағы партия белсенділері мен аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылыры және «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық бақылау тексеру комиссиясының төрағасы Сембаев Амангелді Тілеубердіұлы ат салысты.

Аудандағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балларына арнап, мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған 100 сумка таратылды.

«Бұл акция 2008 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.

Бұл акция еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай “Бақытты отбасы” және “Кедергісіз келешек” партиялық жобалары аясында өтеді және мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

Бұл акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

#Кедергісізкелешек

#Бақыттыотбасы

0
0
205

Осы тақырып бойынша

«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. - Yvision.kz