Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медициналық қызмет көрсету сапасы менқолжетімділікті арттырамыз

COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады.

Қалада бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар. «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Қалада адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға;

- тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге (соның ішінде жылына 2 рет міндетті);

- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын (3 медициналық автокөлік алуға, компьютерлік томограф, УЗИ аппараты және тағы басқа) нығайтуға;

- қала мен ауыл округтеріндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын зерттеу, оны шешу шараларын әзірлеуге;

- шалғай ауылдарда жедел жәрдем қызметін қолжетімді етуге ықпал етеді.

2020 жылы коронавирус індетіне қарсы 150 төсек-орындықты провизорлық, 50 орындықты инфекциялық бөлім ашылып, қызмет атқарды.

Коронавирусқа байланысты шараларды күшейту жөнінде қалаға қарасты ауылдық округ әкімдері, тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың барлығына шектеу шараларына сәйкес жұмыстарды міндеттеп, нақты іс-шаралар жоспары жасалынады.

«Nur Otan» партиясы бұл салада:

- науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмек қорын жасақтауға;

- тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыруға;

- 19 өкпені жасанды желдету (ИВЛ: искусственной вентиляции легких) аппаратын алуға;

- амбулаторлық ем қабылдаған науқастарды дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуге;

- аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмысын күшейтіп, жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) мен коронавирусты ерте анықтау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;

- коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге (гигиена, бетперделік тәртіпті ұстану, арақашықтықты сақтау);

- коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында 30 төсек-орындықты инфекциялық госпиталь ашуға;

- инфекциялық госпитальды қажетті дәрі-дәрмек қорымен және оттегі беру аппараттарымен жабдықтауға;

- коронавируске шалдыққан және ем қабылдаған науқастарды, осы науқасқа қызмет жасаған медицина қызметерлерін дәруменге бай азық-түлік және ыстық тамақтармен қамтамасыз етуге;

- жабдықталған автотранспорт санын арттыруға;

- Шорнақ, Ескі Иқан, Қарнақ елді мекендерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге;

- Қарнақ ауылындағы жабылып қалған аурухананы стационарлық-емхана ретінде қайта ашуға;

- жас мамандарды ауылды жерлерге тартуға ықпал етеді.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Медициналық қызмет көрсету сапасы менқолжетімділікті арттырамыз - Yvision.kz