Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге уақытша өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік мекемелерде адамдардың көп шоғырлануын болдырмау және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен («Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 03.07.2020 жылғы № 268) бұйрық қабылданды, осыған сәйкес, он алты және он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шараларын, оның ішінде карантин сақталған кезеңде қайта куәландыру күні жоғарыда көрсетілген кезеңге келетін үш айға ай сайын автоматты түрде ұзарту жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні аталған механизм бойынша Қостанай облысының 873 мүгедегіне мүгедектік мерзімі ұзартылды. Кімге мүгедектік белгіленді және ағымдағы жылғы 11 мамыр мен 16 тамыз аралығында мүгедектік мерзімі аяқталатын болса бұрын белгіленген қайта куәландыру күнінен бастап мүгедектік мерзімі автоматты түрде 3 айға ұзартылды (тізімдер облыстық емханалардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларына берілді). Бұдан әрі шектеу шаралары, оның ішінде карантин сақталған жағдайда мүгедектік мерзімін үш айға ай сайын автоматты түрде ұзарту жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасы халқының арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында, карантиндік шараларды күшейтуді ескере отырып ("Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысына сәйкес) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері (бұдан әрі – МӘС) карантиндік шаралар аяқталғанға дейін "электрондық үкімет" веб-порталында" электрондық өтініш" сервисі арқылы сырттай режимде алғашқы куәландыруды жүргізеді. Өтінішке сканерленген немесе суретке түсірілген электрондық файлдар (куәландырылатын адамның өтініші, "медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама", өткен жылғы ауру тарихынан үзінді және дәрігерлердің қорытындысы болған жағдайда қоса беріледі. Сонымен қатар, қалауы бойынша, өтініште көрсетілген қосымша құжаттарды беруге болады. Облыстың медициналық ұйымдарына МӘС жүргізу процедурасының өзгеруі туралы хабарландырылды, медициналық ұйымдар басшылығының атына веб-портал арқылы адамдарды куәландыруға жіберуге көмек көрсету туралы ақпараттық хат жолданды. ----------------------------------------------------------------- В целях исключения массового скопления людей в государственных учреждениях и снижение риска заражения граждан коронавирусной инфекцией Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан принят приказ (№ 268 от 03.07.2020 года «О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения»), согласно которому в период сохранения на территории соответствующей административно-территориальной единицы ограничительных мер, в том числе карантина, осуществляется ежемесячное автоматическое продление на три месяца, у которых дата переосвидетельствования приходится на вышеуказанный период, за исключением детей-инвалидов, достигших шестнадцатилетнего и восемнадцатилетнего возрастов. На сегодняшний день по данному механизму сроки инвалидности продлены 873 инвалидам Костанайской области. Т.е. всем, кому установлена инвалидность и срок инвалидности заканчивается в период с 11 мая по 16 августа текущего года срок инвалидности автоматически продлен на 3 месяца автоматически на три месяца с установленной ранее даты переосвидетельствования (списки переданы председателям врачебно-консультативных комиссий поликлиник области). В дальнейшем, в случае сохранения ограничительных мер, в том числе карантина, будет осуществляться ежемесячное автоматическое продление срока инвалидности на три месяца установленных ранее сроков инвалидности. В целях предупреждения распространения коронавирусной инфекции COVID-19 среди населения Республики Казахстан, учитывая ужесточение карантийных мер (согласно Постановлению Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан от 3 июля 2020 года № 44 «О введении строгих ограничительных карантинных мер) отделами медико-социальной экспертизы (далее – МСЭ) проводится первичное освидетельствование в заочном режиме, через сервис «Электронное обращение» на веб-портале «Электронного правительства» до окончания карантинных мер. К заявлению необходимо приложить отсканированные или сфотографированные электронные файлы (заявление освидетельствуемого лица, «Направление на медико-социальную экспертизу», при наличии выписки из истории болезни и заключения врачей за прошедший год. Так же при желании, можно приложить дополнительно документы, указанные в заявлении. Медицинские организации области оповещены об изменении процедуры проведения МСЭ, в адрес руководства медицинских организаций направлено информационное письмо об оказании содействия в направлении лиц на освидетельствование через веб-портал.

0
0
283

Осы тақырып бойынша