Медициналық-әлеуметтік сараптама. МӘС жүргізу үшін негіздер.
Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы МӘС жүргізу үшін негіз болып табылады:
1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде бастапқы куәландыру;
2) қайта куәландыру (қайта куәландыру).
Медициналық ұйымдар тыныс-тіршіліктің шектелуіне әкеп соқтыратын, ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды және организм функцияларының елеулі немесе айқын білінетін бұзылулары және оңалту әлеуетінің болмауы бар емделмейтін науқастарды қоспағанда, балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған кезден бастап төрт айдан кейін адамдарды МӘС-ке жібереді.
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар жағдайларында медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.
Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайта куәландыруға) жібереді.
Медициналық тексерудің толықтығын, көлемін және адамдарды МӘС-ке жіберудің негізділігін жіберген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылғы №44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында толығырақ танысуға болады.
***
Основанием для проведения МСЭ является заключение врачебно-консультативной комиссией (далее – ВКК) медицинской организации с целью:
1) первичного освидетельствования при стойких нарушениях функций организма;
2) повторного освидетельствования (переосвидетельствования).
Медицинские организации после проведения комплекса диагностических, лечебных и реабилитационных мероприятий, подтверждающих стойкое нарушение функций организма, приводящее к ограничению жизнедеятельности, обусловленное заболеваниями, последствиями травм и дефектами направляют на МСЭ лиц не ранее четырех месяцев с момента наступления временной нетрудоспособности или установления диагноза детям и неработающим лицам, за исключением лиц с анатомическими дефектами и неизлечимых больных со значительными или резко выраженными нарушениями функций организма и отсутствием реабилитационного потенциала.
В случаях профессиональных заболеваний с незначительно выраженными нарушениями функций организма, не входящими в перечень заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, утвержденный приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1033 "Об утверждении перечня заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев", освидетельствуемое лицо с целью установления степени УПТ направляется на МСЭ без учета срока временной нетрудоспособности, при отсутствии показаний для проведения медицинской реабилитации.
Медицинские организации, с учетом очередного срока переосвидетельствования, направляют инвалидов и (или) лиц с утратой трудоспособности на переосвидетельствование (повторное освидетельствование).
Полнота, объем медицинского обследования и обоснованность направления лиц на МСЭ обеспечивается председателем ВКК направившей медицинской организации.
Более подробно можно ознакомиться в Правилах проведения медико-социальной экспертизы, утверждённой Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30.01.2015г №44.
