Медициналық-әлеуметтік сараптама Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген.
Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамның МӘС медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындысы бойынша оның тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның №31/у нысаны бойынша жүргізіледі:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
5) үйде;
6) сырттай;
Куәландыру (қайта куәландыру) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) куәландырылатын адамның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ол өтініш берген кезде (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі:
1) адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 175 бұйрығымен бекітілген 31/у нысаны (бұдан әрі – 31/у нысаны) бойынша МӘС-ке қорытынды. 31/у нысанының әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережеге сәйкес қол қойылған күннен бастап бір айдан аспайды;
3) медициналық ұйым оны әзірлеген жағдайда, № 175 бұйрықпен бекітілген 033/у нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);
4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда-ауру тарихынан үзінділер, мамандардың қорытындылары және тексеру нәтижелері;
5) сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынатын еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы);
6) еңбек қызметін растайтын құжат және (немесе) еңбекке қабілетті жастағы адам алғашқы куәландыру кезінде өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы құжаттар (жұмыс беруші толтырады). Өндірістік жарақаттар және/немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда көрсетілген құжатты (құжаттарды) ұсыну міндетті;
7) осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат;
8) "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеру материалдарын ресімдеу жөніндегі нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні (бұдан әрі-жазатайым оқиға туралы акт) осы жазатайым оқиға бойынша КЕА себебін және (немесе) мүгедектікті анықтау үшін КЕА дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде өндірістік жарақат және/немесе кәсіптік ауру алған адам ұсынады.
Жазатайым оқиға туралы акт болмаған және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған кезде өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын жарақаттанудың немесе аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себептік-салдарлық байланысы туралы сот шешімі қоса беріледі;
9) кәсіптік ауру және улану диагнозы белгіленген кезде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының (еркін нысанда) екі жылдан кешіктірілмей берілген, кәсіптік ауру алған адам ұсынатын қорытындысы (аурудың кәсіппен байланысын айқындау) қоса беріледі;
10) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет ұсынылатын, себеп-салдарлық байланысты анықтаған тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
11) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;
12) "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акт кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса), тегін мемлекеттік тіркеу жасалған жағдайларда қайта куәландыру кезінде ұсынылады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде куәландырылатын адамның өтінішіне 31/у нысаны, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.
***
Порядок освидетельствования (переосвидетельствования) на медико-социальную экспертизу утвержден приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44.
МСЭ освидетельствуемого (переосвидетельствуемого) лица проводится по заключению на медико-социальную экспертизу по форме № 31/у медицинской организации по месту его постоянного жительства (регистрации):
1) в отделах МСЭ и (или) отделах методологии и контроля МСЭ соответствующего региона;
2) в организациях здравоохранения, оказывающих стационарную помощь;
3) в организациях здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь;
4) в учреждениях уголовно-исполнительной системы и в следственных изоляторах;
5) на дому;
6) заочно;
Освидетельствование (переосвидетельствование) проводится по заявлению на проведение медико-социальной экспертизы, (далее – заявление) с представлением документа, удостоверяющего личность освидетельствуемого лица, законного представителя при подаче им заявления (для идентификации) и на основании сведений, получаемых из государственных информационных систем через шлюз «электронного правительства» в форме электронных документов, удостоверенных электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП):
1) справка (в произвольной форме), подтверждающая факт содержания лица в учреждении уголовно-исполнительной системы или следственном изоляторе;
2) заключение на МСЭ по форме 31/у (далее – форма 31/у), утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 175. Срок действия формы 31/у составляет не более одного месяца со дня ее подписания, согласно Положению о деятельности врачебно-консультативной комиссии, утвержденному приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 321;
3) медицинская часть индивидуальной программы реабилитации пациента/инвалида по форме 033/у, утвержденной приказом № 175 (далее – медицинская часть ИПР), в случае ее разработки медицинской организацией;
4) медицинская карта амбулаторного пациента для анализа динамики заболевания. В случае наличия – выписки из истории болезни, заключения специалистов и результаты обследований;
5) лист (справка) о временной нетрудоспособности, представляемый работающим лицом, для внесения данных об экспертном заключении;
6) документ, подтверждающий трудовую деятельность и (или) сведения о характере и условиях труда на производстве (заполняется работодателем) при первичном освидетельствовании лицом трудоспособного возраста. В случаях производственных травм и/или профессиональных заболеваний представление указанного(-ых) документа(-ов) обязательно;
7) документ, подтверждающий факт участия (или неучастия) в системе обязательного социального страхования, представляемый в случаях первичного установления степени утраты общей трудоспособности (далее – степень УОТ) по данному социальному риску;
8) акт о несчастном случае, связанным с трудовой деятельностью (далее – акт о несчастном случае), по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1055 "Об утверждении форм по оформлению материалов расследования несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью" представляемый лицом, получившим производственную травму и/или профессиональное заболевание при первичном установлении степени УПТ для установления причины УПТ и (или) инвалидности по данному несчастному случаю.
При отсутствии акта о несчастном случае и прекращении деятельности работодателя-индивидуального предпринимателя или ликвидации юридического лица прилагается решение суда о причинно-следственной связи травмы или заболевания с исполнением трудовых (служебных) обязанностей, представляемое лицом, получившим производственную травму и/или профессиональное заболевание;
9) заключение организации здравоохранения (в произвольной форме), осуществляющей экспертизу при установлении диагноза профессионального заболевания и отравления (определение связи заболевания с профессией), выданное не позднее двухлетней давности, представляемое лицом, получившим профессиональное заболевание;
10) документ, выданный уполномоченным органом в соответствующей сфере деятельности, установившим причинно-следственную связь, представляемый один раз для определения причины инвалидности, связанной с ранением, контузией, травмой, увечьем, заболеванием;
11) документ, подтверждающий установление опеки (попечительства), в случае установления опеки (попечительства);
12) свидетельство о перемене имени, отчества, фамилии по форме, утвержденной приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 12 января 2015 года № 9 "Об утверждении форм актовых книг государственной регистрации актов гражданского состояния и форм свидетельств, выдаваемых на основании записей в этих книгах", представляемое при повторном переосвидетельствовании в случаях совершения государственной регистрации перемены имени, отчества (при его наличии), фамилии освидетельствуемого лица.
При отсутствии сведений в информационных системах, к заявлению освидетельствуемого лица прилагаются форма 31/у, а также копии соответствующих документов на бумажном носителе и подлинники для сверки.
Документы представляются на государственном и (или) русском языках.
