Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі жұмысты жақсарту жөніндегі 22 ұсынымды орындау

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды орындау мақсатында 12 мамырда Департамент басшысы М. Т. Мұратбеков Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты лауазымды тұлғаларының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорларының, сондай-ақ әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан құрылған Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен қызмет алушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін кеңес өткізді.

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Е. Мекебаеваның, Рудный №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры 22 ұсынымның орындалуы туралы, сондай-ақ Қостанай АӘҚ балалар орталығы жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесінің есептері тыңдалды. Департамент басшысы атап өткендей, жеке іс-шаралардың орындалуы 22 ұсынысты сапалы пысықтауды талап етеді. Бейнебақылау камераларын сатып алу, жөндеу жүргізу қажеттілігі тұрғысынан деректерді нақтылау, қатты мүкәммалды сатып алу бойынша қорытынды деректер соңына дейін белгіленбеген және айқындалмаған.

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков кеңес қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барлық ұсыныстарды пысықтап, олардың әрі қарай орындалуын жалғастыруды, ал қоғамдық кеңестерге олардың қоғамдық бақылау бөлігіндегі жұмысын күшейту туралы ұсыныс жасады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдары бар хаттамалық тапсырма жіберілетін болады. Сондай-ақ, МӘМ қызметін жақсартудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу ұсынылды.

***

В целях исполнения рекомендаций, разработанных Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по улучшению качества оказываемых специальных социальных услуг в медико-социальных учреждениях 12 мая руководитель Департамента Муратбеков М.Т. провел совещание с участием ответственных должностных лиц Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области, директорами медико-социальных учреждений, а также с членами Общественных советов, созданные при каждом Центре оказания специальных социальных услуг, для проведения общественного контроля за соблюдением прав получателей услуг.

Заслушаны отчеты заместителя руководителя Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области Мекебаевой А.Е., директора Рудненского Центра оказания специальных социальных услуг №2 об исполнении 22 рекомендаций, а также члена Общественного совета при Костанайском детском Центре ССУ. Как, отметил руководитель Департамента, исполнение отдельных мероприятий 22 рекомендаций требуют качественной доработки. До конца не установлены и не определены итоговые данные по приобретению камер видеонаблюдения, уточнения данных на предмет потребности в проведении ремонтов, приобретении твердого инвентаря.

Руководитель Департамента Муратбеков М.Т. по итогам совещания рекомендовал Управлению координации занятости и социальных программ доработать все имеющиеся рекомендации и продолжить дальнейшее их исполнение, а Общественным советам об усилении их работы в части общественного контроля.

В адрес Управления координации занятости и социальных программ будет направлено протокольное поручение с рекомендациями по улучшению деятельности Центров оказания специальных социальных услуг. Также было предложено разработать Программу улучшения деятельности МСУ на 2021-2022 гг.

0
0
259

Осы тақырып бойынша