Медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмысты жақсарту бойынша 22 ұсынысты орындау
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты лауазымды тұлғаларын шақырумен жұмыс кеңесін өткізді.
Департамент басшысы атап өткендей, барлық 22 ұсыныс орындалды, бірақ жекелеген іс-шаралар пысықтауды қажет етеді. Қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін МӘМ жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің жауапты тұлғалары айқындалмаған, бейнебақылау камераларын сатып алу қажеттілігі бойынша жаңартылған деректер, МӘМ-ге жөндеу жүргізу қажеттілігі тұрғысынан деректерді нақтылау талап етіледі.
Департамент басшысы М. Т. Мұратбеков кеңес қорытындысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барлық ұсыныстарды пысықтауды, ал халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөліміне 22 ұсынысты іске асыруда бақылауды жалғастыруды ұсынды.
