Медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмысты жақсарту бойынша 22 ұсынысты орындау
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында Департамент Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты лауазымды тұлғаларын шақырумен жұмыс кеңесін өткізді.
22 ұсынысты орындау шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді: олардың қызметін инспекциялау мақсатында МӘМ объектілеріне облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевтың сапары жүзеге асырылды, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, одноклассники) парақшалар құрылды, БАҚ-та МӘМ қызметін жариялау бойынша өңірлік медиа-жоспар қабылданды, қоғамдық кеңестер құрылды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында МӘМ қызмет алушылары үшін интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, барлық МӘМ қызметкерлері мен алушыларын коронавирустық инфекцияға тестілеу жүргізілді, Үйлестіру басқармасының ресми парақшасында МӘМ бюджеттері жарияланды.
Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков кеңес қорытындысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барлық ұсыныстарды пысықтауды және олардың әрі қарай орындалуын жалғастыруды ұсынды.
---------------------------------------------------------------
В целях исполнения рекомендаций, разработанных Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по улучшению качества специальных социальных услуг в медико-социальных учреждениях Департаментом проведено рабочее совещание с приглашением ответственных должностных лиц Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области.
В рамках исполнения 22 рекомендаций проведены следующие мероприятия: осуществлены выезды заместителя акима области Жундубаева М.К. на объекты МСУ с целью инспектирования их деятельности, созданы страницы в социальных сетях (Instagram, Facebook, одноклассники), принят региональный медиа-план по освещению деятельности МСУ в СМИ, созданы общественные советы, обеспечен доступ в интернет для услугополучателей МСУ в «уголках самообслуживания», проведено тестирование всех сотрудников и получателей МСУ на предмет коронавирусной инфекции, опубликованы бюджеты МСУ на официальной странице Управления координации.
Руководитель Департамента Муратбеков М.Т. по итогам совещания рекомендовал Управлению координации занятости и социальных программ доработать все имеющиеся рекомендации и продолжить дальнейшее их исполнение.
