Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу

18 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы «Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесуі өткізді. 2020 жылы мемлекетіміз үшін қиын жағдай орын алды. Ол әлемді жайлаған аты шулы індет “короновирус”. Осыған орай «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы бүгін 18 қараша күні сағат 15:00 - де онлайн Zoom конференциясын өткізді. Конференцияға Денсаулық сақтау ісі жөніндегі белсенді өкілдер қатысты. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының «№7 қалалық емхана» және «№11 қалалық емханасының» ақ қалатты абзал жандар қызметкерлері қатысты, сондай-ақ денсаулық сақтау ісі жөніндегі басқа да өкілдер қатысып, өз ойымен бөлісті. Іс-шара барысында қазіргі уақыттағы пандемия мен күрес үстінде жүрген ақ халатты абзал жандарға қолдау шаралары талқыланды. Дәрігерлерді қолдау аясында онлайн Zoom конферецияларын жиі өткізіп аталмыш маңызды мәселелерді көтеру оны дәріптеу бәріміз үшін маңызды!

0
0
154

Осы тақырып бойынша

«Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу - Yvision.kz