Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина саласындағы мемлекеттік қызметшілерге аттестаттаудың тәртібі жөнінде түсіндірілді

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақтықадамының» 15 қадамына сәйкес, облыста аттестаттаудың өткізілу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда.

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында  2017 жылдың 6 наурызда Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша    департаментінің  және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша    департаментінің  мемлекеттік қызметшілерімен   ««Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің  кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты аттестаттаудың әңгімелесу кезеңінің жүзеге асырылу барысын  егжей-тегжейлі түсіндіру болып  табылады.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 
15-ші қадамына сәйкес көзделген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестаттаудан өткізудің әңгімелесу кезеңінің өткізу тәртібін   нақты түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардың аттестаттау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.

     
0
0
277

Осы тақырып бойынша

Медицина саласындағы мемлекеттік қызметшілерге аттестаттаудың тәртібі жөнінде түсіндірілді - Yvision.kz