Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина саласын дамыту – басым бағыттың бірі

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ринат Беков Шелек ауылындағы аудандық аурухананың ұжымымен кездесіп, партияның және өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Алдымен күн-түн демей тұрғындардың саулығы үшін күресіп жүрген абзал жандарға ризашылығын білдірді:

– Ұлт саулығының сақшысы болған медицина қызметкерлерінің еңбегін атаусыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, әлемді жайлаған коронавирус індеті кезінде бастарын бәйгеге тігіп, ажалға араша тұрдыңыздар. Отбасы, бала-шағаңыз жырақта жүріп, аурумен күресте алдыңғы шепте еңбек еттіңіздер. Осылайша, еліміздегі денсаулық сақтау саласының кез-келген қиындықтарға тойтарыс бере алатындығын дәлелдедіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда індеттің беті қайтып, жағдай тұрақталды, эпидемиялық ахуал мемлекеттің қатаң бақылауында – деген Ринат Бақытжанұлы риазышылығын білдіріп, алғыс айтты.

0
0
175

Осы тақырып бойынша

Медицина саласын дамыту – басым бағыттың бірі - Yvision.kz