Медицина саласы қызметкерлерімен кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасаы К.Габдуллина және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Сабитов медицина саласы қызметкерлерімен партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттарын түсіндіру бойынша Zoom платформасында онлайн кездесу өткізді. Бағдарламада тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша жоспарланған шаралар ескерілгені атап өтілді.

