Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина сала қызметкерлерімен кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасарымен, қалалық Қан орталығынның басшысы Рахимбердиев Сүндет Абдихаиымұлының медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында медициналық орталықтарға мамандардың жетіспеуі туралы өзекті мәселе қозғалды.

Қатысушылар оқуды енді ғана бітірген жас мамандарды көптеп практикаға шақыру сондай-ақ, медециналық орталықтарды жаңа кадрлармен толықтыру жайлы ұсыныстарын білдірді. Шара соңында мәселенің түйіні жақын арада тарқап, өз шешемін табатыны туралы сөз болды.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

Медицина сала қызметкерлерімен кездесу - Yvision.kz