Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Майра Мұхамедқызы да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!

Опералық ән өз тыңдаушыларына қуаныш сыйлайды, жүректерін тербеп, керемет ахуал мен эстетикалық ләззат сыйлайды. Опералық әнші – бұл ерекше сұлу даусы бар, жаудыраған қарақат көздердің иесі ғана емес, сонымен қатар жүрегі нәзік, мейірімді жан. Міне, Майра Мұхамедқызы да «Құс Жолы» қорының қайырымдылық шарасына атсалысып, кішкентай «жұлдызшалардың» періштесі атанды.

Бірнеше ай бойы біз сіздерді өз «періштелерімізден» таныстырып келдік. Енді сіздер де біздің «періштелеріміздің» ісін қолдайды деген сенімдеміз. Осы желідегі ақпараттарымызды оқыған болсаңыз, онда сіз «Періште» жобасының қол жеткізген нәтижелерімен таныс шығарсыз: Казком мен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры Алматы, Астанадағы перинатальды орталықтары мен Өскемендегі ана мен бала орталығына 3 офтальмологиялық лазерлерді сыйға тартқанын ертеректе айтқан едік. Келер жылы да біз Қазақстандағы ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. 

Біздің жобамызға сіздер де қосылыңыздар! Әрбір игі ісіміздің өзі кішкентай «жұлдызшаларымыздың» өмірін жарқырата түсетіні анық!

1
0
635

Осы тақырып бойынша

Майра Мұхамедқызы да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды! - Yvision.kz