Мазмұнға өту
Обложка сообщества Финансы

Майнинг Қазақстан үшін мүмкіндік әлде зала ма?

Қазақстанда цифрлы ақшаға қызығатындар саны аз емес. Былтыр Қазақстан криптовалюта өндіруден АҚШ-тан кейінгі екінші орындыиеленген. Елімізде майнинг саласы дамығалы энергия тапшылығы туындады. Криптовалюта өндіретін бір құрылғы орта есеппен сағатына 3,5 кВт электр энергиясын тұтынады. Бір ғана ASIC болса айлық есеппен шаққанда 2,5 МВт энергияны пайдаланады. Бұл дегеніміз бес бөлмелі үйдің тұтынуынан едәуір көп.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңды түрде майнингті тіркегендер электр энергияны ойға қонымды тарифтермен төлеуге тиіс екенін айтты. Табысын рәсімдеп, салық аударуы шарт. Алайда бақылау жоқтығынан адамдар майнингті заңдастыруға асықпайды.

Осыған байланысты Қаржы және Энергетика министрліктеріменбірлесе халықаралық тәжірибе мен елдегі жағдайды ескере отырып, оңтайлы салық салу жүйесі айқындалады.

0
0
318