Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Майқайың кентінің тұрғындарымен кездесу

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат кезеңінде белсенділік танытып, аудан тұрғындарымен – сайлаушылармен етене араласып, сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда.

Майқайың бастауыш партия ұйымының мүшелері – аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Самал Мəжитова мен Анар Кəкімова «Өмірге ашық жүрекпен» акциясы аясында кент тұрғындарымен кездесті. Сонымен бірге, кенттегі этномəдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, азаматтарды «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – З.Ақышев атындағы мектеп директоры Дүйсенбек Төлеутаев, Жастар орталығының директоры Ренат Ильдин, Баянауыл бөбектер бақшасының директоры Арай Ыбыраева, жас кəсіпкер Айдос Дəулет, аудандық аурухана терапевті Нұрсұлтан Бірлік ауыл белсенділері – партия жақтастырымен бірге «Есіктен есікке дейін» акциясына белсенді араласты.

Кандидат Нұрсұлтан Бірлік: «Үгіт-насихат барысында, біздер, аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар, əр тұрғынды сайлауға белсенді қатысуға жəне «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық», - дейді.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау 2021

0
0
1249

Осы тақырып бойынша

Майқайың кентінің тұрғындарымен кездесу - Yvision.kz