Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Майқайыңалтын» АҚ ұжымымен кездесті

Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат, жеке кəсіпкер, аудандық іскер əйелдер ассоциациясының төрайымы Гүлмира Олжатай мен аудандық мəслихат депутаттығына кандидат, аудандық мəслихат хатшысы Темірболат Қасен «Майқайыңалтын» кенішінің ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Онлайн шараны «Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қинаят Тəліпов жүргізді.

Темірболат ҚАСЕН:

«Nur Otan» партиясы «Бізді ортақ мақсат біріктіреді – ол əрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру» ұстанымын алға қойды. Жəне «Дамудың жеті басымдығын» ұсынады. Атап айтар болсам, «Экономикасы тұрақты аудан», «Жайлы аудан», «Əлеуметтік бағытталған аудан», «Аудан жастар үшін», «Тарих пен мəдениетті дамыту», «Ашық жəне есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аудан» басымдықтары Баянауыл ауданының даму бағытын айқындайды. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен əл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясы аудан əлеуетін халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу жəне сауда кəсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын болады.

Ауданда шағын жəне орта бизнес ауыл тұрғындарының əл- ауқатын арттыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Баянауыл курорттық аймағы еліміздегі ең үздік 10 туристік аймақ қатарына енді. Біздің ендігі мақсатымыз – орналастыру орындарының санын ұлғайту, курорттық аймақтардағы демалыс базаларын абаттандыру, көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туризм мен қысқы спорт түрлерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

«Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» жəне «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатын болады. 2025 жылға қарай ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту Баянауыл ауданының барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нəтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз су мен сапалы жолдарға, əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізе алады.

Баянауыл ауданы халқының жайлы тұруы үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай ауданның инфрақұрылымын жақсарту міндетін қойып отыр. Жол – бұл əр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы ауылішілік жəне аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мəселелерін шешетін болады. Біздің міндетіміз

– 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 95% - дан астамын сапалы жөндеуден өткізу.

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады. «Бақытты от- басы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы жəне аз қамтылған отбасыларды қолдауға жəне олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға бағытталатын болады.

Мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын негізге алдым. Бұл бағдарлама Баянауыл ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданымызды адамдардың жайлы өмір сүруіне арналған əртараптандырылған, бəсекеге қабілетті экономикамен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынамыз.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

0
0
1306

Осы тақырып бойынша

«Майқайыңалтын» АҚ ұжымымен кездесті - Yvision.kz