Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МАТЕМАТИКАДАН ОРТА және ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

 

МАТЕМАТИКАДАН ОРТА және ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Құрметті ұстаздар!
Математика пәнінен

         

   

№1 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

Тақырыбы: Кіріспе

   

• Кітап – алтын қазына.

 

Мақсат:

 

Білімдік

Жаңа білім

• 5-сыныпта өтілген тақырыптарға сипаттама бере отырып, 6-сынып математика курсының тарауларында нелер анықталатынын анықтайды.

 

Жаңа түсінік

• 6 сынып математикасы әрбір тараудың құрамына кіретін тақырыптардың жалпы мазмұнын 5 сынып өтілген материалдардың негізі екендігін түсінеді.

 

Құзыр-лылық

Қолданым әрекеті

• 5 cынып өтілген тарауларына есептер шығарады.

 

Талдау әрекеті

• 5-сыныптағы тақырыптарға есептер шығарудың               6 сыныппен байланысын анықтайды.

   

Шығармашылық әрекет

• 6 сынып математика пәні есептердің шығарылу жолы мен мазмұны біртіндеп күрделенетініне қозғау салады.

 

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

• 5 сыныптағы математика пәнінен өтілген тараулар 6-сынып курсы бойынша өтілетін тарауларды игерудің математика курсы бойынша жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды.

 

Сабақ құрылымы:

 

І. Ақпарат алмасу ( 8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

 

Оқыту әдісі:

 

• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

• Пропорция, қатынас, рационал сан, оң және теріс сан, санның модулі, координаталық түзу, периодты ондық бөлшек, сызықтық теңсіздік, параллель, перпендикуляр, графиктер, функция.

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

 

Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:

Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын Ақпарат алмасу блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; Алғашқы бекіту блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; Шығармашылық әрекет блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

 

Ақпарат көздері:

 

1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық,   2-басылым / А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.Алматы: Атамұра, 2011.

5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал.  Алматы,Атамұра, 2011.

 

Оқушы жетістігін бағалау:

 

• Оқушының оқу іс әрекеті ол Алғашқы бекіту блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға Шығармашылық әрекет блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 
 
 

і. аҚПАРАТ алмасу

 
 

Тақырып жоспары:

  1. 6-cынып математика курсын оқытудың мақсаты.
  2. 6-cынып математика курсын оқытудың міндеттері.
  3. 5-сынып материалдарын қайталау.

Слайдтар:

1-слайд

1-тақырыпша. 6-сынып математика курсын оқытудың мақсаты

 

2-слайд

Математика пәнін оқытудың мақсаты қандай?

• ғылыми ұғымдарды терең игеру;

• игерілген ұғымдарды практикада қолдану білік, дағдыларын дамыту;

• қолданбалы есептерді математикалық модельдеуді үйрену;

• қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға дағдылану;

• өзін-өзі дамыту.

 

3-слайд

2-тақырыпша. 6-сынып математика курсын оқытудың міндеттері

 

4-слайд

Математика пәнін оқытудың міндеттерін ұғып алайық!

• математиканың маңызды салаларын оқып үйрену;

• сабақтастық ерекшеліктерін зерделеу;

• есеп шығару алгоритмін құруға дағдылану.

 

5-слайд

1 тақырыпша              5-сынып материалдарын қайталау.

6-слайд

 

Өрнектер

         

Формулалар

 
     

7-слайд

 

Натурал сандардың бөлгіштігі

 

1 саны

         

Жай сандар

Құрама сандар

   
       

8-слайд

 

Жай бөлшек

       
   

Аралас сан

Бұрыс бөлшек

Дұрыс бөлшек

     
         
 

10-слайд 5 сынып Өрнектер. Формулалар

Мысалдар:

санды өрнектер.

әріптік өрнектер.

Р=2(а+в) тік төртбұрыштың периметрінің формуласы;

Р=4а квадраттың периметрінің формуласы;

Р=а+в+с үшбұрыштың периметрінің формуласы.

6 сынып

«Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру» тарауының тақырыптары

Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру

Мысалдар:

 

12-слайд 6 сыныпта өтілетін тараулар.

  • Функция
  • Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы. «Координаталық жазықтық» тарауының тақырыптары
  • Сызықтық теңдеулер жүйелері және теңсіздіктер жүйелері
                                       
 

іі. АЛҒАШҚЫ БЕКІТУ

 
 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Пәннің мақсаты, міндеті

Тараулар

Ерекшеліктері

     

Қорытынды:___________________________________________________________

 
 

іІІ. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

5 сынып материалдарын қайталау есептерін шығар:

1. Санды өрнек пен әріптік өрнектерді бөлек теріп жаз.

     

2. Формулалардың атын жаз:

___________________________________________________________

_____________________________________________________________

_______________________________________________________________

3. Жай және құрама сандарды атаңдар:

12; 2; 15; 13; 9; 45; 40; 23; 26; 10; 19; 37.

4. 2, 5,10, 3, 9-ға бөлінетін сандарды бөлек теріп жазыңыз.

12; 40; 15; 21; 45; 1; 28; 24; 30; 78; 99; 95; 100; 101; 105; 132; 133; 145; 165; 190; 200; 204; 205; 209; 210.

5. 120 мен 105 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

______________________________________________________________________

6. 48 бен 54 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

______________________________________________________________________

ІІ деңгей тапсырмалары

Бөлшектер тарауына есептер шығар:

7. Фигуралардың қандай бөліктері боялған? Жауабы:

8. Бөлшектерді салыстырыңдар.

және   және      және   және   және   және

9.

а) Бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңдар.

және   және   Жауабы:

ә) Бөлшектерді кему ретімен орналастырыңдар.

және   және  Жауабы:

ІІІ деңгей тапсырмалары

Бөлшектерге амалдар орында:

1.

2.

3.

Шешуі:

1.

1)                                           2)

3)       4)  Жауабы:

2.

1)                2)

3)             4)       5)  Жауабы:

3.

1)         2)

3)         4)  Жауабы:

 
 

іV. шығармашылық әрекет

 
 

Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды:

Ойлан тап!  5-сыныптағы қай бөліміне сәйкес келеді?Оның орындалу алгоритмін көрсет, оны дәлелде.

І топ

Логикалық есеп.

Теңіз қарақшыларының кемесінде бірнеше мысық, бірнеше теңізші және жалғыз аяқ ақсақ капитан бар. Жалпы санын есептегенде, олардың 15 басы және 41 аяғы бар. Кемеде қанша мысық бар?   Жауабы: 8 мысық, 6 теңізші , 1 жалғызаяқ.

ІІ топ

Логикалық есеп.

2-ге бөлгенде 1 қалдық, 3-ке бөлгенде 2 қалдық, 4-ке бөлгенде 3 қалдық, 5-ке бөлгенде 4 қалдық, 6-ға бөлгенде 5 қалдық қалатын, ал 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды тап.

Шешуі: Егер ізделінді санға 1-ді қоссақ, онда ол 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, яғни 60-қа бөлінеді. 60-қа бөлінетін сандардың арасынан, 1-ге кем 7-ге еселік болатын санды табу оңай, ол 119 саны. Жауабы: 119 саны

ІІІ топ

Логикалық есеп.

Үш сыныптың оқушылары саяхатқа шықпақ болып сапқа тұрды. Оларды сапқа екеуден тұрғызғанда 1 оқушы жалғыз қалды. Үшеуден, төртеуден сапқа тұрғызғанда тағы да 1 оқушы асып қалды. Барлығын сапқа бес-бестен тұрғызғанда ғана бірде – бір оқушы саптан тыс қалмады. Оқушылар қанша еді?

Шешуі:

Егер ізделінді саннан 1-ді шегерсе, онда ол 2-ге, 3-ке, 4-ке бөлінеді. Ол қасиетке ие болатын ең кіші сан 12 , 24, 48, 60, 72, 84,96...

96 сандарының арасынан керегін аламыз. Есептің шартын екі сан ғана қанағаттандырады: 25 және 85. Бірақ 25 жарамайды, себебі шарт бойынша сапқа үш сынып оқушылары тұрды. Сонымен оқушылар саны – 85. Жауабы: 85.

 

V. бағамдау-бағалау

 

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

 
 

VІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫ

 

1 тапсырма. Логикалық есеп.

1. Он екі литрлік ыдыста квас бар, оны сегіз литрлік және үш литрлік ыдыстар арқылы екіге тең қалай бөлуге болады? Шешуі: 12-3=9; 9-3=6; 6=6.

12

12

9

9

6

6

8

0

0

3

3

6

3

0

3

0

3

0

Жауабы: 6.

2. Үш адам бар. Сол үш адамға үш қызыл және үш көк қалпақ көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк қалпақ кигізіп, қалғандарын жасырады. Адамдардың қайсысы өз басындағы қалпақтың түсін таба алады?

Жауабы: ешқайсысы

3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.

4.

Шешуі:

 

1)

2)

3)

4)  Жауабы:

№ 2 сабақ

 
1
0
6673

Осы тақырып бойынша