Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Математика көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын

«Математика көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын ояту, алған білімдерін толықтыру, пысықтау, қатысушылардың ізденімін, танымын қалыптастыру.

1.Таныстыру

Әр оқушы өзін таныстырады.

І-тур   Бәйге

Бұл бөлімде оқуылар 15 сұраққа жауап береді.Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.Фигураларды зерттейтін ғылымды не дейміз?(геометрия)

2.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем?(Теорема)

3.Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш?(квадрат)

4.Савнның жүзден бір бөлігі?(%)

5.100 тонна мақта ауыр ма,әлде 100 тонна темір ауыр ма?(тең)

6.35 нешеге тең?(243)

7.50-ді 0,5-ке бөліндер?(100)

8.Қандай үш біртаңбалы сандардың қосындысы олардың қосындысына тең?(1,2,3)

9.Шаршы жіне ромбының қабырғалары бірдей.Қай фигураның ауданы үлкен?(шаршының)

10.Пирамида,конус,тіктөртбұрыш.Осы фигуралардың қайсысы жаықтықта зерттеледі?(тіктөртбұрыш)

11.Параллелограммның бір бұрышы 550-қа тең.Қалған бұрыштарын табыныз?(550,1250,1250)

12.Кесіндінің ұштары бар ма,егер бар болса нешеу?(2)

13.Алманың жартсы неге ұқсас?(екінші жартсына)

14.П саны рационал ма,әлде иррационал ма? (иррационал)

15.Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтындаршы

Оң ,теріс сан бәрі осында.(рационал)

ІІ тур. Полиглот

Бұл бөлімде жұмбақ айтылады, немесе ойды аяқтау керек және оның жауабы үш тілде айтылуы керек. (10-20 ұпай)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейк, aruler)

  1. Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай,

Айтындаршы бұл қандай сан, жан жағына қарамай. (натурал сан)

  1. Алды артымыз шексізде,

Жете алмайсын біздерге.

Сәуле мен кесінді шыққан тегін білсін де? (түзу, прямая, strqight)

  1. Доп емес, дөңгелек емес, ұқсас бірақ достарым,

Фигура ол ең негізгі

Дәл жаупты қостадым. (шеңбер, окружность, ...)

  1. Табиғат тілі – математика ... (тілі, язык, languege)
  2. Математик жанымен ...  болу керек (ақын, поэт, )
  3. ...  математиканы пайдалану арқылы ғана жетіледі. (ғылым, наука, science)
  4. Михаил Ломоносовтың сөзін аяқтанжар

Химия- физиканың оң қолы, ... оның көзі. (математика)

Бұл турдан кейін ұпайлары аз екі оқушы ойыннан шығады.

ІІІ тур. Ғажайып жетілер

Бұл турда оқушылар кестеден ұпай бойынша сұрақтарды таңдайды.

 

20

20

20

30

30

30

40

40

40

 

20 упайлық сұрақтар: 1. (оң жақтағы 20) Тік төртбұрыштың периметрі 30 см, ал ұзындығы 11 см. Ені нешеге тең? (4 см)

2.  (ортадағы 20) -25 нешег тең? (мағынасы жоқ)

3. (сол жақтағы 20) 100 тауық 100 күнде 100 кг тары жейді. 10 тауық 10 күнде қанша тары жейді? (10кг)

30 ұпайлық сұрақтар. 1. (оң жақтаңы 30) Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма? (жоқ, 72 сағаттан соң түн болдаы.)

2. (ортадағы 30) Көне ғылымдар мен философияның негізін қалаушы, грек ойшылы. Оның теорамасы: бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасынан тең кесінділер бөлсе, онда екінші қабырғасынан да бірдей кесінділер бөледі. (Фалес)

3. (сол жақтағы 30) Орыстың ұлы ғалымы энциклопедияшы, ақын және қоғам қайраткері, физика, химия тау-кен ісі, металлургия бойынша көрнекті еңбектері бар. Орыс халқының тарихы бойынша еңбектер жазды, қазіргі орыс грамматикасын қалаушы. (М.В.Ломоносов)

40 ұпайлық сұрақтар. 1. (оң жақтағы 40) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары 1 метрге тең 5 бөлікке кесті. Егер 1 бөлікті кесу үшін 2 минут кетсе, бөренені кесуге қанша уақыт кетеді. (8 минут)

2. (ортадағы 40) Алгебрадан сұрақ. Екіншісінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдыңдағы көршілес мүшені бірдей бір санға көбейткенде шыққан 0-ден өзгеше сандардың тізбегі қалай аталады? (геометриялық прогрессия)

3. (сол жақтағы 40) Жарты шеңберге тірелетін іштей сызылған бұрыш қандай болады? (тік)

Бұл турдан кейін ұпайлары аз 3 оқушы ойыннан шығады.

ІV тур. Көкпар

Ғалымдар

10

20

30

Анықтамалар

10

20

30

Формулалар

10

20

30

Ғалымдар. 10. Ежелгң грек математигі элементар геометрияға сндар теориясына арналған әйгілі «Бастамалар» трактатының авторы. Ол математиканы дамытуға зор еңбек етті. (Евклид)

20. француз философы, математигі және физигі, аналитикалық геометрияның негізін салушы, айнымалы шамалар ұғымын еңгізді, координаталар әдісін жете зерттеді. Алгебранын геометриямен байланысын іс жүзіне асырған. (Рене Декарт)

30. Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім?

А) Қорқыт      В) Омар Хайям    С) Құрмаңғазы     D) Әл-Фараби

Анықтамалар. 10. Бір қабырғасы ортақ ,ал қалған екі қабырғасы бір-бірінің созындысы болып келген екі бұрыш қалай аталады?(сыбайлас)

20. Шеңбердің  бойындағы нүктесі арқылы өтетін және осы нүктеге жүргізілген, радиусқа перпендикуляр болатын түзуді қалай атайды. (жанама)

30.Квадрат үшмүшенің мәні нөлге тең болатын айнымалының мәнің қалай атайды?(квадрат үшмүшенің түбірі деп атайды)

Формулалар.

10.С=2 R қандай фигураның және нені білдіреді?(шеңбер және ұзындығын білдіреді)

20.   a2=b2+c2-2bccos   және     = =  -қандай формулалар?(косинус және синус теоремасы)

30.S = ah ;  S = ab; S = absin ; S = ;S =

Қай фигураның және нені білдіреді?(үшбұрыштың аудандары)

Осы турдан кейін  2 оқушы қалады.

V-тур .Жорға

1-нұсқа

1.Үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы?(периметр)

2.Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу?(параллель)

3.Бір нүктеден шыққан екі сәуле?(Бұрыш)

4. 121 сан құрама сан ба?(ия)

5.  162 (256)

6.Векторды санға көбейткенде не шығады?(вектор)

7.Квадрат функцияның графигі?(парабола)

8.Көпмүшенің қалыпты түрі?(стандарт)

9.tg450 мәні?(1)

10.Дөңгелектің екі радиусымен шектелген бөлігін қалай атайды?(сектор)

11.Қосу амалын өрнектейтін амал?(+)

12.Жұп функцияның графигі қай оське симметриялы?(ордината)

13.Екі қабырғасы параллель төртбұрыш?(трапеция)

14Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем?(аксиома)

15.10000 орысша (десять тысяч)

2-нұсқа

1.Төртбұрыштың барлық бұрыштарының  қосындысы неге тең?(3600)

2.Жазықтықта 900 бұрыш жасап қиылысатын екі түзу?(перпендикуляр)

3.Басталатын нүктесі бар сызық?(сәуле)

4.47 сан құрама сан ба?(жоқ)

5.182 (324)

6.Векторлардың қосындысы неге тең?(векторға)

7.Сызықтық функцияның графигі?(түзу)

8.Қарама–қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш?(параллелограмм)

9.сtg450 мәні?(1)

10.Шеңбердің екі нүктесін жалғайтын кесінді?(хорда)

11.Азайту амалын өрнектейтін белгі?(-)

12.Тақ функциясы қай нүктеге симметриялы?(бас нүктеге О(0;0))

13.Екі нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге ьолады?(біреу)

14.Ең кіші жай сан?(2)

15.20000 орысша (двадцать тысяч)

               
1
0
4788

Осы тақырып бойынша

«Математика көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын - Yvision.kz