Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Матақ ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесу

Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Елюбаев Ардақ Төкенұлы, Кашимова Айым Мухитбековна, Қобланды Ерсайын Саянұлы Матақ ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесу өткізді. Кездесу барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
288

Осы тақырып бойынша