Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Мастексай" БПҰ-мен онлайн кездесу өтті

«Nur Otan» партиясының «Мастексай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Нағымұлы ауылымыздың білім саласы қызметкерлерімен «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы» өткізілетіні туралы онлайн кездесуін өткізді. Сайлауға қатысу - кез келген азаматтың азаматтық борышы. Сондықтан ел жанашыры болып, бірлікпен, белсенділікпен қатыссақ, ол - өз еліміз үшін жанымыз ауыратындығының көрсеткіші. Әрбір ауыл тұрғыны бейқам болмай, ел болашағы үшін сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасайық.

Ескерту: Ауыл тұрғындарына сайлаушылар тізімінде бар жоғыңызды білгіңіз келсе немесе осы жергілікті жерден сайлауға қатынаса алмайтын болсаңыз 8(71141) 23-5-65 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

2
0
150

Осы тақырып бойынша

"Мастексай" БПҰ-мен онлайн кездесу өтті - Yvision.kz