Маслихат депутаты жастармен кездесті
Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Аудандық маслихат депутаты, Аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы Рахметов Болат Махонұлымен аудан жастары «Ауылым алтын бесік, қасиетті мекен» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуді Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаев жүргізіп отырды. Кездесуде аудандық маслихат депутаты Болат Махонұлы қазіргі таңда мемлекетеміздің аудандық жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, әсіресе ауданымыз үшін ауыл шаруашылығы саласы кәсібін жандандыру бағыты бойынша көптеген гранттар бөлініп жатырғанын жеткізді. Сонымен қатар кездесуде жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.


