Маслихат депутаттары кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті
Қазіргі таңда жұмысшылар мен ұжымның мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымының қоғамдағы маңызы зор. Осыған орай, бүгін партия филиалының мәжіліс залында Мәслихаттар депутаттары Аманқос Қарамурзаев пен Айсұлу Исаеваның кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Жиынға жиналған білім саласының, өндіріс саласының және медицина саласының кәсіподақ ұйымының төрағалары азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша өздерінің пікірлерін білдірді.
