Марқакөл ауылындағы мониторинг
2020 жылдың 9 желтоқсан күні Марқакөл ауылдық округінде дүкендерге, дәріханаларға санитарлық нормалардың сақталуы тексеріліп, бағаларына мониторинг жүргізілді. Мониторингті «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов, Марқакөл ауылдық округінің әкімі Р.Кемешев, аудандық мәслихат депутаты Б.Нурумова, қоғамдық белсенді Б.Өлмесеков жүргізді. Мониторинг жұмысы барысында санитарлық-гигиеналық шаралардың сақталуы және шекті сауда бағаларының сақталуы қаралды. Дүкен және дәріхана иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бағаларды тұрақты сақтауды, пандемия кезіндегі қажетті дәрілердің үнемі саудада болуын қадағалау ұсынды.
