Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Марқакөл ауылындағы кездесу

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 31 желтоқсан күні Марқакөл мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутатына үміткер А.Мухаева мен сенімді өкіл М.Шаяхметов кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Одан әрі тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

Жиынға қатысушы тұрғындар: Марқакөл ауылына таза ауыз сумен қамтылса, тұрғындарға арналған спорт модулінің құрылысы қашан басталатыны туралы және ауылдың негізгі көшелерінен басқа көшелерге жарық тартылу сондай-ақ шеткері жатқан көшелерге жол төсеу, шабындықтар, мал жайылатын жерлерді бөлу, ауыл ішіне қойылған су колонкаларының арақашықтығы жақындатылса, ауруханаға қосымша емделу үшін төсек-орындар санын арттырса, ауылға тері,жүн ,өңдеу бойынша немесе қабылдау цехы ашылса деген ұсыныстар берілді.

Кездесу соңында барлық тұрғындар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын және дауыс беретіндерін жеткізді.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Марқакөл ауылындағы кездесу - Yvision.kz