Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамин: Туризм Қазақстан экономикасының қозғаушысына айналуы тиіс

Бүгін Үкімет отырысында 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды. Мәдениет және спорт министрінің, бірқатар өңірлердің әкімдерінің, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың пікірлері тыңдалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сайты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының туризмді дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткенін еске салды.

«Туризм индустриясын дамыту аясында біз күрделі, амбициялық, бірақ қол жеткізерлік міндетті алға қойып отырмыз», - деді А. Мамин.

Алдын ала бағалаулар бойынша, Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:

– 2025 жылға қарай туризм индустриясының ЖІӨ-дегі үлесі 8% -ды құрайды;

– алдағы 7 жылда туризмді дамытуға жұмсалатын инвестиция көлемі 2 триллион теңгені құрайды;

– 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны, оның ішінде 72 мың тұрақты жұмыс орны құрылады;

– туристер саны жылына 7-ден 15 миллионға дейін артады.

Премьер-Министр туризм саласы Қазақстанның экономикасының қозғаушысы болуға тиіс екенін, бұл үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалып жатқынын айтты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Мемлекет басшысының мақұлдауымен Мемлекеттік бағдарлама жобасын Үкіметке бекіту үшін жолдау тапсырылды.

Премьер-Министр тапсырмаларды уақтылы, тиімді және сапалы орындау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Елбасы «Әлеуметтік Қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, Қазақстанның 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жаңартылды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Президенттің барлық бастамалары қаржыландырылады және толық көлемде жүзеге асырылады», - деді Асқар Мамин, қойылған міндеттерді уақтылы, тиімді және сапалы орындау қажеттілігін баса атап өтті.

Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы да талқыланды.

Тау-кен өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, машина жасау, сауда, көлік, ауыл шаруашылығындағы өсудің оң динамикасы байқалуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсуі 3,5% құрады.

Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда құрылыс салаларында, негізгі қорларға, өндіріс пен металлургия саласына инвестициялар тарту бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалды.

«Экономиканың орнықты өсуі біздің басты міндетіміз болып табылады және ағымдағы жылы ІЖӨ-нің кем дегенде 5% өсуіне қол жеткізуіміз керек, осы мақсатта біз барлық күшімізді жұмылдыруымыз керек», - деді Премьер-Министр.

Үкімет отырысында 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды.

Қазіргі уақытта туризм - қуатты ғаламдық индустрия. Оның тез өсуіның нәтижесінде ол ғасырдың экономикалық феномені ретінде танылады. Көптеген елдерде туризм ІЖӨ қалыптастыру, қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Туризм көлік, коммуникация, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың негізгі салаларына үлкен әсер етеді, яғни ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылады. Туризмнің валюта айырбастау көзі ретіндегі маңыздылығы және халықаралық байланыстардың кеңеютудегі үлесі үнемі өсіп келеді.

0
0
643

Осы тақырып бойынша