Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамандық таңдау маңызды

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы халықпен ақпаратты-түсіндіру және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.

Мектептің жоғары сынып оқушыларының алдында кәсіп таңдаудағы күрделі тапсырмалар тұр. Жастардың әрі қарайғы тағдыры, әл-ауқаты мен табыстылығы дұрыс таңдалған кәсіпке байланысты болады.

Осы жылдың 23 қаңтарында № 184 мектепте Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Е.С.Жақыпова 100 жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы, еңбек нарығындағы ең танымал мамандықтар туралы ақпараттар берілді, сонымен бірге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы туралы айтып берді.

Оқушылар сауалдар қойып, оларға толық жауаптар алды. Сонымен бірге, оларға келесі мекенжайда: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан, Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығынан өз қабілеттерін анықтау үшін тестілеуден өту және тиісті кәсіптерінің үлгілік тізбесі ұсынылды.

0
0
635

Осы тақырып бойынша