Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды

2020 жылдың 26 тамыз күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Орал қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында делдалдардың кезек және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сату әрекеттерінің жолын кесу болып табылады.

Мониторинг жұмысына БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, облыстық Полиция, Экономикалық тергеу, Мемлекеттік қызмет істері департаменттерінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
245

Осы тақырып бойынша

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды - Yvision.kz