Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатында «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатында «Адалдық сағаты» өткізілді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Мұратов және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

Р.Мұратов өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырып, оқушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылуда.

1
0
593

Осы тақырып бойынша

Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатында «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды - Yvision.kz