Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мал шаруашылығын цифрландыру

Бүгінгі күні еліміздегі мал шаруашылығын дамытуда пайдаланып жатқан қандай цифрлық әдістер бар және олардың сипаттамалары қандай?

Мал шаруашылында цифрландыру жүйесін пайдаланғаннан бері қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абай Нұржановтың аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылық бөлімдері басшыларымен өткілізетін (zoom) онлайн отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселесі қаралды.

«Zoom» бейнебайлынысы арқылы өткен онлайн отырысына облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы мал шаруашылығындағы фермаларды цифрландыру бөлімінің басшысы Марат Бүркітбаев және аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшылары қатысты.

Бүгінде облыстың жергілікті атқарушы органдарымен ауыл шаруашылы саласында 24 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде. Оның барлығы автоматтандырылған түрде беріледі. Сонымен қатар, 17 субсидиялау бағдарламасы толығымен автоматтандыралған. Өткен жылы облыста алғаш рет «Джондир» маркалы тракторына GPS бақылау технологиясы (жүргізушісі жоқ) жұмысқа қосылды (Қордай ауданында «Самғау» ШҚ, Меркі ауданында «Смарт Агро» ЖШС). Сондай-ақ, «Қақпатас Қордай» ЖШС-нің 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасына толығымен автоматтандырылған сүт сауатын қондырғы орнатылды. Жуалы ауданында «Гамбург» ЖШС-і 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысын жүргізуде, ферма толығымен автоматтандырылатын болады. Қордай ауданында «Грин Вилл» ЖШС Оңтүстік Корея инвесторларымен бірлесе салған көлемі 4 гектар жылыжайда климатты бақылау, ылғалдандыру және басқа да процестері компьютерлік бақылау жүйесіне негізделіп, автоматтандырылды.

Сонымен қатар, аталған серіктестік облыстың басқа ауданында инновациялық аквапоникалық әдісімен 4 гектарға арналған жылыжай іске қосылды, барлық технология автоматтандыру жүйесіне негізделген, өсірілетін экологиялық таза өсімдіктің 50 түрінен жылына 800 тоннаға дейін өнім және 40 тоннадан астам балық өнімін өндірілуде. Жамбыл ауданында «Алель Агро» ЖШС-і құс етін өндіру инвест жобасы іске асырлуда, мұнда барлық технология автоматтандыру жүйесіне негізделініп жылына 20,0 тонна құс етін өндіретін болады. Осы ауданда «Азамат» ЖШС-інде барлық технология автоматтандыру жүйесіне негізделінген 1 гектарға орналасқан жылыжай жылына 40 тонна өнім беруде. Т.Рысқұлов ауданында «ЛКЗ» ЖШС-де (36 мың тонна) және Тараз қаласында орналасқан «Gud Log» ЖШС-і (144 мың тонна) құрама жем шығаратын желілерінің барлық технологиясы автоматтандыру жүйесіне негізделінген.

Облыста егістік жерлерге мониторин жүргізу жұмыстарында жаңа технологиялардың мүмкіндігі пайдалануда. Бүгінгі таңда «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы» АҚ арқылы жерді қашықтан зондтау жүйесі барлық аудандарға енгізілуде. Бұл өз кезегінде мониторинг нәтижелері негізінде Жосықсыз (недобросовестный землепользватель) жер пайдаланушылар реестрін қалыптастыруға мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау және жер ресурстары туралы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жер ресурстарының интерактивті (электронды) картасы дайындалды.

0
0
683

Осы тақырып бойынша

Мал шаруашылығын цифрландыру - Yvision.kz