"Махамбет жырлары" атты поэтикалық конкурсы өтті
С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде "Махамбет жырлары" атты поэтикалық конкурсы өтті. Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.
