«Махаббаттықтар» ынталы тобы даулы пәтерлердің мәселесін келіссөзбен шешуді ұсынады
Ақпараттық хабарлама
«Махаббаттықтар» ынталы тобы даулы пәтерлердің мәселесін келіссөзбен шешуді ұсынады
22.04.2015, Астана
2015 жылғы 20 сәуір күні «Махаббат» пен «Махаббат-2» тұрғын үйлерінің тұрғындары жиналыс өткізді. Жиналысқа даулы 48 пәтердің 33 пәтер өкілі қатысты.
Жиналыстың нәтижесі бойынша бірнеше шешім қабылданды.
Біріншіден, даулы 33 пәтерде тұратын азаматтардың мүддесін қорғайтын «Махаббаттықтар» ынталы тобы құрылды.
Екіншіден, «Махаббаттықтар» ынталы тобының төрайымы болып Сиязова Светлана, төрайымның орынбасарлары болып Хобдабайн Өнергүл және Жанысбаева Майкан сайланды.
Үшіншіден, «Махаббаттықтар» ынталы тобының мақсаты анықталды. «Махаббат» пен «Махаббат-2» тұрғын үйлеріндегі даулы пәтерлерді әділді бағамен сатып алуға әрекет жасау, яғни 1 шаршы метрдің бағасы 2010 жылғы қаңтар айының бағамымен санағанда (1 доллар=148,46 тенге) 900 АҚШ доллары бағасымен 20 жыл мерзімге бөліп төлеп сатып алып, иеленуге жеткізу.
Сонымен бірге, саналатын бағадан даулы пәтерлердің ескі қарыздардың төленген бағасы, пәтерлердің жөндеуіне кеткен шығындар, екі жарым жылдың іщіндегі соттың шығындары, балаларға жасалған зиянның бағасы, жұмыстардан шығарып жіберілуіне байланысты ала алмаған жалақылары, денсаулықтарына жасалған зиян шығындары алынуы тиіс.
Бұл мақсатқа жету үшін «Махаббаттықтар» ынталы тобы «КазАгроХолдинг» және «Агрофирма Казагроастық» компанияларымен келіссөздерді бастауы тиіс.
Төртіншіден, ынталы топтың жоспары бекітілді:
- Астана әкімдігінің өкілдерімен кездесу, соның ішінде Ішкі саясат басқармасының басшысы, әкімнің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарымен кездесіп, оларды келіссөзге бақылаушы ретінде қатысуға шақыру,
- Даулы пәтерлер мәселесін «Нұр Отан» жанындағы Әлеуметтік дауларды шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің қарауына шығарып, қоғамдық кеңестің құрамында келіссөздерді өткізетін жұмыс тобын құру,
- Алматы мен Көкшетаудағы офистеріне барып, Агрофирма және АгроХолдингтың өкілдерін келіссөздерді бастауға шақыру,
- Жоғарыда аталған және басқа іс-шаралар жөнінде баспасөз конференциясын өткізу, ақпараттық таратулар жасау.
Қосымша ақпарат жақын арада өтетін баспасөз конференцияда айтылады.
«Махаббаттықтар» ынталы тобы
Байланыс: Светлана Сиязова 87711643049
Мэйл: [email protected]
Skype: saltanat86668
